Әуесқой палеонтолог Маңғыстауда ежелгі акуланың сүйегін тапты

Әуесқой палеонтолог Маңғыстауда ежелгі акуланың сүйегін тапты

Әуесқой палеонтолог Маңғыстауда ежелгі акуланың сүйегін тапты
ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев шамамен 40 миллион жыл бұрын тіршілік еткен ежелгі акуланың сүйегін тауып алды, деп хабарлайды inaktau.kz

Ер адамның сөзінше, ол акуланың сүйегін 19 қазанда Қаракіші жерінде тапқан. Акула сүйегінің ұзындығы шамамен 70 сантиметр болады. Зерттеуші табылған сүйектің суреттері мен видеосын Instagram желісінде жариялады. Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйегі табылды «Бір аптадан кейін сүйек табылған жерге қайтып барып, сүйекті алу үшін полимерлік желімді құйдым. Желім кепкен жоқ. Сондықтан сенбіге дейін қалдыруға тура келді. Ауа райында нөсер жаңбыр болатыны айтылды. Сондықтан оны су шайып кете ме деп қорқып, ауа райына қарамастан, сүйекті алып кетуге бардым. Маңғыстауда 40 миллион жыл бұрын тіршілік еткен акуланың сүйегі табылды Оны жиектемеге салып, кішігірім көремем үшін қалдыруды шештім. Көрмені келесі жылы ашқым келеді», - дейді Ярцев.