Сағымбай Қозыбаев – 75 жаста

Сағымбай Қозыбаев – 75 жаста

Сағымбай Қозыбаев – 75 жаста
ашық дереккөзі
Отандық журналистиканың негізін қалағандардың бірі – Қазақстан журналистер Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев биыл 75 жаста. Айтулы мерейтойға орай  ғалымның өзі 45 жыл еңбек етіп келе жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ғылыми конференция өтті. Жиын мерейтой иесін құттықтаудан басталды. Сағымбай Қозыбаевқа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, Білім және Ғылыми министрлігінен «Ы.Алтынсарин», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері табыс етілді. 45 жыл бойы білім беру ісінен қол үзбеген Сағымбай Қозыбаев – Германия, Сингапур және Америка Құрама штаттарында дәріс оқыған профессор. 7 ғылым докторы мен 26 ғылым кандидатының ғылыми жетекшісі. Әлемдік журналистика тарихы мен отандық бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеген ғалым, көрнекті публицист. Сағымбай Қабашұлы бүгінге дейін мыңнан астам публицистикалық және ғылыми мақала жазып, 54 кітаптың авторы атанған. Айгүл Рамазанова, филология ғылымдарының докторы: – Бұл кісі соңғы жылдары қазақ сөздерін орыс тілді мәтінге қолданып жүр. Бұрын тек сөз қолданатын еді, ал соңғы жылдары тақырыпқа қазақ тілді сөздерді қолдана бастады. Бұл өте жақсы үрдіс деп есептеймін. Қазақ тілін орыс аудиториясына насихаттауда айрықша үлес қосып келе жатыр.