«ӘРАЛУАНДЫҚТАҒЫ БІРЛІК: Қазақстандық және халықаралық тәжірибе» ғалымдар мен сарапшылар форумы
«ӘРАЛУАНДЫҚТАҒЫ БІРЛІК: Қазақстандық және халықаралық тәжірибе» ғалымдар мен сарапшылар форумы
Бүгін елорданың Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумын өткізді.
Осы мақсатты орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның ғылыми-сарапшылық кеңесінің орны ерекше», - деді өз сөзінде.
Іс-шараға Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шәукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық корпус, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, халықаралық сарапшылар ұйымдары мен зерттеу құрылымдарының өкілдері, еліміздің жетекші институттарының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының, республикалық жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.