Бүгіннен бастап қазақстандықтардан мекенжай анықтамасы талап етілмейді

Бүгіннен бастап қазақстандықтардан мекенжай анықтамасы талап етілмейді

Бүгіннен бастап қазақстандықтардан мекенжай анықтамасы талап етілмейді
ашық дереккөзі
2019 жылдың 1 қарашасы, яғни бүгіннен бастап елімізде мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Алайда бұл анықтама Ресеймен шекаралас ауыл тұрғындарына қажет. Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық келісім нормасында солай көрсетілген. Оларға анықтаманы ондағы ауыл округтерінің әкімдері береді. Аталған ауылдардың тұрғындары egov.kz порталынан мекен-жай анықтамасын өздері де ала алады. Сонымен қатар, мекенжай анықтамасынан бөлек, елімізде тағы 28 анықтаманы жою жоспарда тұр. Олардың ішінде – мүліктің бар-жоғы жөніндегі анықтама, психо, нарко, туберкулезге қарсы диспансерлерлерден алынатын және жұмыссыз ретінде тіркелген анықтамалар бар. Бұл құжаттар Әділет министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің назарына ұсынылып қойды. Аталған қызметтерді реестрден алып тастау мәселесі ведоствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі. Естеріңізге салайық, елімізде мекенжай анықтамасын талап ету бүгіннен бастап жойылды.