«Роскосмос» Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығышын ұшырады

«Роскосмос» Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығышын ұшырады

«Роскосмос» Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығышын ұшырады
ашық дереккөзі
«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы 1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті зымыран-тасығышты ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы – 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», - деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин кеше Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында. Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі - «Протон-М», қалған жетеуі - «Союз». Ал жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.