"Жолаушылар тасымалы" АҚ 865 млн теңге айыппұл төлейді

1 қараша, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 865 млн теңге айыппұл төлейді

Монополияға қарсы орган "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңге ұстап қалғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Монополияға қарсы органмен "Жолаушылар тасымалы" АҚ іс-әрекеттерінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңгені ұстап қалу фактілері анықталды. Нұр-сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2019 жылғы 15 қазандағы қаулысы бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ын құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, 865 млн теңге көлемінде айыппұл салды, - делінген хабарламада. Шешім заңды күшіне енген жоқ.