Сенат ең үздік журналистерді анықтайды

Сенат ең үздік журналистерді анықтайды

Сенат ең үздік журналистерді анықтайды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы биылғы жылғы 1 қарашада Сенат материалдары бойынша ең үздік журналистік зерттеу бойынша конкурс пен экология тақырыбындағы журналистік конкурстың басталатыны туралы хабарлайды.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева осы жылдың маусым айында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған шарада конкурстарды өткізу туралы бастама көтерген болатын. Конкурстың мақсаты – журналист мамандығының беделін көтеру, "журналистік зерттеу" жанрын дамыту, экология саласындағы заңнаманы жетілдіру, журналистерді қолдау болып отыр.
Конкурсқа журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет-басылымдардың және радионың штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, блогерлер қатыса алады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталары беріледі. Журналистік шығармаларды конкурстарға жолдай беруге болады. Парламент Сенатының сайтында және палатаның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында барлық мәліметтер бар. Конкурстарды өткізу қағидаларымен Парламент Сенатының сайтында "БАҚ-қа арналған" тарауында таныса аласыз.