Елбасы етік сыйлаған шеберге алғыс айтып, хат жазды
Елбасы етік сыйлаған шеберге алғыс айтып, хат жазды
Самағау Нәсіпхан етік тігумен айналысатын шебер. Әлеуметтік желіде өзі жасаған қолөнер бұйымдарын үнемі бөлісіп отыратын азамат - Президент Н.Назарбаевқа арнайы етік тігіп сыйлаған. Қарапайым азаматтың сыйлығын алған Елбасы Самағауға өз қолымен хат жазып, алғысын білдірген. Президент хатында:
"Құрметті Самғау!
"Құттықтағаныңа да, сыйлығыңа да үлкен ризашылығымды айтамын. Сыртта жүрген ағайындардың атажұртына оралып, өз орынын тапқанына мен әрқашан қуаныштымын.
Бұл мүмкіншілік Тәуелсіз ел болғаннан болып отыр. Барша қазақ осыны бағалай білуіміз керек. Зор табыстар, бақ-белес тілеймін. Н.Назарбаев. 2 желтоқсан 2015 ж" - делінген.
[caption id="attachment_8891" align="alignnone" width="576"] Президенттің хаты. Саумғаудың фейсбук парақшасынан алынды[/caption]