Ауылшаруашылығы экспорты  ұлғайды

Ауылшаруашылығы экспорты  ұлғайды

Ауылшаруашылығы экспорты  ұлғайды
ашық дереккөзі
Түркістан өңірінде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруа­шы­лы­ғы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд теңгені құрап, былтырғы жыл­мен салыстырғанда едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының респуб­ли­ка­дағы үлесі 3-орында тұр. Бүгінде мұнда 70 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істесе, 18 мақта өңдеу зауыты бар Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын 300 мыңнан астам халық шаруашылығымен айналысады.  2019 жылдың 9 айының қоры­тын­дысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экс­порты 157,3 млн АҚШ долларын құ­раған. Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзір­байжан, Иран, және Бахрейн елдеріне ірі қара және уақ мал еттері экспортталған. Со­нымен қатар, Ресей, Белоруссияға 304,3 мың тонна қарбыз бен қауын жеткізілген. Сондай-ақ, мақта талшығының экспорты жыл сайын артуда. Биыл 264,0 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау күтілуде. Соңғы көрсеткіштер бойынша өңір­дегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капи­тал­ға тартылған инвестициялардың нақ­ты көлемі, ірі қара мен ұсақ мал басының үлесі секілді даму индикаторлары артқан. Бұл бағытта Түркістан облысы ауыл шаруашылығы негізгі капи­тал­ға тартыл­ған инвестициялардың көлемі жа­ғынан да республика бойынша алғашқы орында.