Әлемнің ең қарт тұрғыны дүниеден озды

Жер бетінде ұзақ өмір сүрген сирек жандардың бірі – Тәнзила Бисембеева Астрахан облысы Красноярск  ауданы Алча ауылында жерленді, – деп жазды «Российская газета».

Тәнзила Насиханқызы 125 жасқа 6-ақ ай толмай көз жұмды. Ол 2016 жылдан бері  Ресей рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт тұрғыны ретінде енген.

«Апамыз ауырмай-сырқамай көз жұмды, туысқандарының қасына жерленді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл келді», – деп хабарлады Красноярск ауданының әкімі Нұрғали Байтеміров.

«Российская газета» жазғандай, алдыңғы ғасырда дүниеге келген Тәнзила Бисембеева төңкеріс, Ұлы Отан соғысы, СССР-дің құлауы сияқты бірнеше тарихи оқиғалардың тірі куәгері болды. Отбасындағы 8 баланы тұңғышы болған әжейдің өзінен үш ұл, он немере, 25 шөбере және екі шөпшек қалған.

Back to top button