Жаңалықтар

«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды

ашық дереккөзі

«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды

Елордағы ҚР Ұлттық музейінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық музей директоры – Арыстанбек Мұхаммедиұлы, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі – Уильям Мозер, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, «National Geographic Qazaqstan» ғылыми кеңесшісі Әділ Ахметов пен журнал бас редакторы Еркін Жақыпұлымен бірге түрлі ұйым, қор мен компаниялардың өкілдері қатысты. «Қай тілде жарық көрмесін «National Geographic» журналы оқырмандарын өзіне бірден баурап алатындығымен ерекшеленеді. Оның басты сыры бұл басылымның кез келген мәселеде тек ғылым көзімен қарайтындығында болса керек. Бүгінгі шараның өтуі соған дәлел», – деді  Әділ Ахметов. Уильям Мозер мен Еркін Жақыпұлы көрме лентасын ресми түрде қиғаннан кейін, қос ел фотографтарының Америка мен Қазақстанды байланыстырып тұрған фотосуреттер жиынтығы  халық назарына ұсынылды. «Жалғыздың үні шықпас және бір нәрсені істеу үшін, идеяны қолдайтын және оны жүзеге асыруға көмектесетін адамдар керек. Менің жолым болды, сондай адамдар менің жанымнан табылды, мен ата-анам үшін, менің және жобаларымыздың дамуына септігін тигізетін достарым және әріптестеріме ризамын, – деді «National Geographic Qazaqstan» журналының бас рекдакторы Еркін Жақыпов. – Бүгінгі көрме біздің командамыздың басқа басқа екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайтуға да әсер ете алатынын көрсетті».