Жаңалықтар

Ұстаздарға қолдау көрсету күшейтілмек

ашық дереккөзі

Ұстаздарға қолдау көрсету күшейтілмек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов екі жыл бұрын «CA Garden Schools» жеке компаниясының басқаруына берілген №54 мектеп-лицейдің жұмысымен танысты. Көрсетілген мерзім ішінде инвестор жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базаны жаңартуға 100 млн. теңгеден астам қаражат салды. Оpen-spase үлгісінде жұмыс істейтін co-working алаңдары, intellectum қосымша білім беру бөлмесі және лекцияға, шығармашылыққа, медиаға арналған үш бөліктен тұратын garden hub лекция бөлмелері сияқты жаңа жұмыс алаңдары ашылды. Бірінші қабаттағы директордың кабинеті мұғалімдер бөлмесі болып қайта жабдықталды.         Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер үнемі біліктілік арттыру курстарынан өтіп тұрады. Мұндағы мұғалімдер мереке күндері кезекшілік жасау сияқты басқа да өз міндеттеріне кірмейтін жұмыстармен әуреленбейді. Ал мектеп түлектері еліміз бен шет елдердегі ең үздік білім ордаларына оқуға түсті.