Жыл басынан бері ел бюджетіне 6 трлн теңгеден астам салық түсті
Жыл басынан бері ел бюджетіне 6 трлн теңгеден астам салық түсті
Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,0% - ға, республикалық бюджетке 100,5% - ға және жергілікті бюджеттерге 106,3% - ға орындалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен мемлекеттік кірістер органдарының алқа отырысы өтті.
«Мемлекеттік бюджетке 6 301,2 млрд теңге жоспар кезінде 125,3 млрд теңгеге асыра орындала отырып, іс жүзінде 6 426,5 млрд теңге түсті, оның ішінде: республикалық бюджетке жоспардағы 4 675,1 млрд.теңге болғанда 22,3 млрд.теңгеге асыра орындала отырып, 4 697,5 млрд теңге түсті; жергілікті бюджетке 1 626,0 млрд теңге жоспармен 103,0 млрд теңгеге асыра орындалып, 1 729,0 млрд теңге түсті», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 9 айында камералдық бақылау нәтижелері бойынша 94 млрд теңге өндірілді. Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексеру бойынша анықталған бұзушылықтар саны 8,8 мың адамды құраған.
«Халықаралық валюта қорының салық сарапшылары өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша, салық және кедендік бақылауды жүргізу үшін мінез-құлық факторлары негізінде салық төлеушілерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару әдістерін белсенді қолданатын ретінде МКК бақылау функцияларына баға берді.Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бақылау нәтижесінде бюджетке 165 млрд теңге сомасында түсімдер қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 59 млрд теңгеге немесе 55,2% - ға артық», - дейді баспасөз қызметі.