Жаңалықтар

Кофенің тағы бір пайдалы қасиеті анықталды

ашық дереккөзі

Кофенің тағы бір пайдалы қасиеті анықталды

Кофені жиі тұтыну ішек микробиомасының құрамына оң әсер етеді және бірқатар аурулардың алдын алады. Бұл туралы Бэйлор медициналық колледжінің ғалымдары (Baylor College of Medicine, Хьюстон) айтты деп жазды life.ru. Ғылыми зерттеу жұмысына 34 адам қатысқан. Олардың барлығы скринингтік колоноскопиядан өтті. Зерттеуге қатысушылардан тоқ ішек шырышты биопсиясының 97 үлгісі алынды. Ғалымдар кофеинді сусындарды сирек немесе жиі тұтынатын (күніне 82,9 миллиграмнан астам) адамдардағы әртүрлі бактерияларды салыстырды. Қатысушылар кофе тұтыну деңгейін өздері көрсеткен. Бактериалды құрамда тұтынылған кофе мөлшеріне байланысты ешқандай айырмашылық жоқ екендігі белгілі болды. Бірақ бактериялардың кейбір түрлерінің санында өте қатты өзгешелік байқалған. Мәселен, кофе сүйетіндердің денесінде қабынуға қарсы бактериялар көбірек, бірақ зиянды бактериялар аз табылған. Алайда гастроэнтерологтар аш қарынға кофе ішудің ас қорыту жүйесіне, жүрек пен жүйке жүйесіне зиянды екенін ескертеді. Қалай болғанда да, кофені шамадан тыс тұтыну дененің әлсіреуіне әкеледі, әсіресе күзгі кезеңде.