Президент «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды

Президент «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды

Президент «Көкжайлау» жобасымен айналысуға тыйым салды
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көкжайлау» тау-шаңғы курорты жобасын тоқтатуды тапсырды. «Қайтадан бұл мәселеге оралмас үшін, мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, Көкжайлау тау-шаңғы курорты жобасымен айналысуға. Ол бізге керек емес», – деді Қасым Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық кәсіби экологтар мен білікті қоғам өкілдері жобаға қарсы екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көкжайлау» курорттық жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы ұсыныс айтқан болатын.