Жаңалықтар

"Бұл – айуандық!": Президент алма бақтарының шабылуына жол берген мекемелерді сынға алды

ашық дереккөзі

"Бұл – айуандық!": Президент алма бақтарының шабылуына жол берген мекемелерді сынға алды

Мемлекет басшысы Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарының шабылуын қатаң сынға алып, қаланың символын сақтау мәселесіне назар аударды.  «Бұл – айуандық. Мұндайға жол берілмеуі керек. Өкінішке қарай, бұл тиісті органдардың салғырттығы салдарынан болып отыр. Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау және өсіру мәселесі ерекше бақылауға алынуы керек. Бұл – Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстанның игілігі ғой. Қала маңындағы табиғатты қорғау аймақтарына түгендеу жүргізіп, оларды пайдаланудың қатаң рәсімдерін белгілеу қажет. Әкімдік қаланы көгалдандыру және аты аңызға айналған Алматы апортын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруы тиіс. Әйгілі Ботаникалық бақты – қаламыздың өзіндік символын қалпына келтіру қажет», - деді Президент.