Салынып жатқан ғимарат құлап, 8 адам үйіндінің астында көз жұмды

Салынып жатқан ғимарат құлап, 8 адам үйіндінің астында көз жұмды

Салынып жатқан ғимарат құлап, 8 адам үйіндінің астында көз жұмды
ашық дереккөзі
Қытайдың Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан автотұрақтың ғимараты құлап, сегіз адам қаза тапты, тағы екеуі жараланған. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.  Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға жергілікті уақытпен 16:21-де құрылыс алаңында болған. Жер астына салынып жатқан автотұрақта апат болған кезде 14 адам жұмыс істеп жатқан. Үш жұмысшы қашып үлгерген, тағы біреуі құтқарылған, он жұмысшыны үйінді басып қалған. Құтқару жұмысы 11 сағатқа созылған. Үйіндінің астынан сегіз адамның денесі табылды, екі адам ауруханаға жеткізілген..