Жаңалықтар

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

ашық дереккөзі

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келді.  Президент қаланы одан әрі дамытуға арналған жиынға қатысады. Ізінше шаһардағы бірқатар нысанды араламақ. Олардың арасында әлеуметтік нысандар, тың жобаларды жүзеге асырумен айналысатын мекемелер де бар. Сондай-ақ, Президент «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды. «Президент «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады. Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады»,- деп жазды Берік Уәли.