Жаңалықтар

Алматы: "Қалқаман" метро бекетінің құрылысы қашан басталады?

ашық дереккөзі

Алматы: "Қалқаман" метро бекетінің құрылысы қашан басталады?

Алматыда "Қалқаман" метро бекетінің құрылысына дайындық жұмыстары жүруде. Мердігер арнайы конкурс өткізу арқылы анықталады.  Қазір екі бірдей станса салынуда. «Сарыарқа» мен «Достық» бекеттерінің құрылысы қашан қолданысқа берілетіні әзірге белгісіз. Егер іске қосылса,  жер асты жолымен қатынайтын жолаушылар саны тәулігіне 96 мыңға жетер еді. Осыған дейін осы стансалардың құрылысына жауапты компанияның басшысы күдікке ілінгені белгілі. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы келеңсіздік метро құрылысына әсер етуі ықтимал еді. Бірақ тапсырыс берушілер қазір жұмысшылар арасында кикілжің жоқ дейді. Құрылыс  қалпынша жалғасып жатыр. "Барлығы уақытылы төленіп жатыр. Мемлекеттен ақша бөлінуде. Тиісті төлем төленіп жатыр. Бұл басты мердігерлер арасындағы мүмкін бір түсініспеушілік шығар деп ойлаймын", - дейді «Метрополитен» КМК директорының орынбасары Қуаныш Қантаев.