Трамп ДАИШ көшбасшысының көз жұмғанын мәлімдеді

Трамп ДАИШ көшбасшысының көз жұмғанын мәлімдеді

Трамп ДАИШ көшбасшысының көз жұмғанын мәлімдеді
ашық дереккөзі

ДАИШ террористік ұйымының лидері Әбу Бәкір әл-Бағдади америкалық әскерилерінің Сирияда жүргізген операциясының нәтижесінде көз жұмды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады «Голос Америки» сайты.

«Өткен түні АҚШ әлемдегі нөмірі бірінші террористік лидеріне қатысты сот төрелігін жасады. Операция барысында америкалық әскери қызметкерлердің бірде-бірі көз жұмған жоқ», - дейді Дональд Трамп. Өз сөзінде АҚШ президенті әл-Бағдадидің көптеген жауынгері мерт болғанын атап өтті. Оның сөзінше, «Ислам мемлекетінің» лидері «айқайлап, жылап», жерасты жолымен қашпақ болған. Сондай-ақ,  Трамп әл-Бағдадидің жарылғыш белбеуді іске қосқанын, соның салдарынан 3 баланың көз жұмғанын мәлімдеді. Айтуынша, әл-Бағдади «қорқақ» әрі «ит сияқты» көз жұмған. АҚШ президенті әл-Бағдадиге қарсы операциясын «керемет жетістік» деп атады. Сонымен қатар америкалық әскерилердің ерлігі мен кәсібилігіне жоғары баға берді. Оған қоса, Түркия, Ресей және Иракқа әрекеттескені үшін алғыс білдірді.