Алаяқтар параспортшының протезіне жиналған 600 мың теңгені жымқырып кетті

Алаяқтар параспортшының протезіне жиналған 600 мың теңгені жымқырып кетті

Алаяқтар параспортшының протезіне жиналған 600 мың теңгені жымқырып кетті
ашық дереккөзі

Параспортшы Бақтыгүл Әлімбекованың ескі протезі тозып кетіп, қажай бастаған. Қазақстандықтар жаңа протез алып беру мақсатында 600 мың жинап берген. Алайда, алаяқтар оның шотында жатқан ақшаны жымқырып кеткен.

 
inAlmaty.kz хабарлауынша, жаңа протез алу үшін Әлімбековаға 10 мың евро қажет болған. Оның 1400 евросы жиналған. Өткен аптада Бақтыгүлге қайырымдылық мақсатта 120 мың теңгені бірден жібереміз деп хабарласқан.
 
"Олар өздерін футбол клубының ойыншылары екенін айтты. Олар көмектескеннен кейін басқа да командалар қол ұшын созатынына сендірген. Артынша маған Whatsapp мессенджеріне сілтеме жіберді. Ол арқылы менің бухгалтермен ақша аудару мәселесі бойынша хабарласа алатынымды айтты. Олар менің банк деректерімді біліп алып, депозиттегі бар ақшаны басқа шотқа аударып алды", - деді параспортшы.Полиция тергеу амалдарын бастады. Әлімбекованың ақшасын сақтап жүрген банк 15 тәулік ішінде аталмыш жағдайға байланысты жауабын айтатынына уәде етті. "Қайырымдылықпен айналысып жүргендер жақсы психолог екен. Олар маған адамдардың көмектескісі келетінін айтып сендірді. Әрине, мен шок жағдайында болдым. Себебі 600 мыңды жинап берген адамдар 2,3,5 мыңнан жинап көмектескен еді. Ал бұл адамдар бірден 120 мың теңге лақтырмақ болды. Өзімнің арманыма бір қадам жақындаймын деп ойладым. Енді түсініп отырмын. Қайғыда да, қуанышта да ақылға салу керек екен", - деді Бақтыгүл.
Айта кетейік, параспортшы 15 жасында сол аяғынан айырылды. Бойжеткен құлап қалып, аяғында гематома пайда болып, салдарынан гангренаға ұласып, оның аяғын ампутациялады.