Ордабасыда дүбірлі той өтті
Ордабасыда дүбірлі той өтті
Биыл Түркістан облысының Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жыл. Аудан халқы торқалы тойды дүбірлетіп өткізді.
Дүбірлі тойға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. «Алтын күз» шарасынан бастау алған жиын халықаралық ақындар айтысына ұласты. Сөз зергерлері жарасымды әзілмен өлең өріп, Ордабасы тұрғындарына ақ тілектерін арнап жатты.
Іс-шара ҚР эстрада жұлдыздарының мерекелік шеруімен жалғасты. Ал тарихы тереңінен сыр шерткен сахналық қойылым Ордабасы жерінің бар қасиеті мен киесін паш етті. Аттың құлағында ойнаған жігіттер, күміс көмей әншілер, күйшілер мен бишілер де бұл тойда аянып қалмады. «Ән мен әнші» эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын ашып, Ордабасы жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады. Ордабасылықтардың дүркіреткен бұл тойы мерекелік отшашумен аяқталды.