Президент мас күйінде рөлге отыратындарға жазаны қатаңдатуды тапсырды

Президент мас күйінде рөлге отыратындарға жазаны қатаңдатуды тапсырды

Президент мас күйінде рөлге отыратындарға жазаны қатаңдатуды тапсырды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішімдік ішіп рөлге отыратын жүргізушілерге қатысты шараны қатаңдатуды тапсырды. "Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет", -  деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында. Жуырда мас жүргізушілердің кесірінен бірнеше жол апаты болған еді. Олар қоғамдық резонанс туғызды. Қарағандыда Lexus 570 көлігінің жүргізушісі үйдің ауласында тұрған бес бірдей көлікті соқты. Апаттан соң рөлде ұйықтап қалған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті: 25 жастағы жігіт пен 29 жастағы әйел. Тағы бір жол апаты Алматы қаласында болды. Алкогольдік ішімдік пен есірткі қолданған BMW жүргізушісі жаппай жол оқиғасының себепкері болды. Салдарынан екі адам жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.