Қазақстандық дзюдошылар Әбу-Дабиден жалғыз жүлдемен қайтты
Қазақстандық дзюдошылар Әбу-Дабиден жалғыз жүлдемен қайтты
100 кило салмақта қос қандасымыз боз кілемге шықты. Айбек Серікбаев грекиялық Георгиос Малариалоплусқа сан соқтырғанымен, келесі кезеңде израильдік Петр Пальчиктің осал тұсын таба алмады. Арман Қалиев тұсаукесер кездесуінде үндістандық Автар Сингхке жол берді.
+100 кило салмақ дәрежесінде де екі алыбымызға үміт арттық. Екеуі де ел сенімін ақтамады. Бастапқы бәсекесінде Ерасыл Қажыбаев германиялық Йоханнес Фрейден, ал Ғалымжан Қырықбай тәжікстандық Темур Рахимовтан жеңілді.
Сөйтіп, Қазақстан құрамасы Парсы шығанағы сапарынан жалғыз жүлдемен оралды. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні ең жеңіл салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев алтын тұғырға көтерілген болатын.