Қазақстандық азамат Дубай лотереясынан 1 млн доллар ұтты

Қазақстандық азамат Дубай лотереясынан 1 млн доллар ұтты

Қазақстандық азамат Дубай лотереясынан 1 млн доллар ұтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық Хуссейн Еремешев есімді азамат ойламаған жерден Dubai Duty Free дүкені ұтысқа тіккен бір миллион доллардың иесі атанды. Алайда ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай отырғандарын жеткізді. Бұл жаңалықпен  Gulfnews.com.басылымы бөлісті. Еремешев билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Оның бағасы 272 доллар шамасында. Қазақстандықтан бөлек лотореяда 56 жастағы Үндістан тумасының жолы болды. Камаласанан Надар Васу 30 жылдан бері Дубайда тұрады. Ер адам ұтып алған қомақты қаржыны қарызын жабуға, кәсібін дамытуға және демалуға жұмсамайтынын айтқан. Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын Омар Самаликов шет ел аумағында өткізілген лотереядан 1 миллион доллар ұтып алған еді.