Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

«Қазгидромет» мамандары биылғы қыстың қандай болатынын айтты

Қыс қаһарлы болмайды. «Қазгидромет» мамандары осындай болжам жасап отыр. «Желтоқсан жаңбырлы, тек ақпан айында күн күрт суытады», – дейді олар.

Дегенмен маусымдық болжам әлі де өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ мамандар көлік дөңгелектерін қарашаның алғашқы онкүндігінде ауыстырған дұрыс деп отыр. Себебі келер айдың ортасынан бастап ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.

Жұлдыз Исабекова, гидрометорталықтың ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:

– Ақпан айына келер болсақ, ең суық ауа райы осы айда күтіледі. Бұл айда Карск теңізінен суық ауа массалары Қазақстан аумағына жиі өтеді. Және де Сібір антициклоны көбірек болмақ. Сондықтан да Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 1-2 градусқа төмең болады деп болжанады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button