«Ақтөбе - Алматы» пойызының жолсеріктері толғатқан келіншекті босандырып алды

«Ақтөбе - Алматы» пойызының жолсеріктері толғатқан келіншекті босандырып алды

«Ақтөбе - Алматы» пойызының жолсеріктері толғатқан келіншекті босандырып алды
ашық дереккөзі
«Ақтөбе - Алматы» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.  5-вагонда келе жатқан Алтынай Темір жол үстінде толғатып, жолсеріктер мен пойыздағы жолаушы дәрігерлердің көмегімен аман-есен қыз босанды. Отар стансасына келгенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді. «Қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғыс айтамыз» деп мәлім етті компаниядан. Айта кетсек, барша жолсеріктер алғашқы медициналық көмек және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді. Соның арқасында мұндай оқыс оқиғалар сәтті аяқталып жатады.