ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Виталий Ярошенко қазақстандықтардың нөмірлерін өшіруге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлады Zakon.kz.
"Қазақстандықтар өз атына қанша нөмір тіркелгенін біле алатынын еске саламыз. Тіркелген бөтен нөмірлер шығып жатқан жағдайда Комитет барлық азаматтарға байланыс операторларына жүгініп, сол нөмірлерді өшіріп тастауды ұсынған. Өйткені ол телефон нөмірлерінің пайдалануына байланысты жауапкершік нөмір иесіне жүктеледі", - деп хабарлады комитет төрағасы.