Президенттің кеңесшісі тағайындалды

Президенттің кеңесшісі тағайындалды

Президенттің кеңесшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.   Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 2001-2005 жылдар аралығында Әділет министрлігі департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметін атқарған. 2005-2013 жылдарда Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі, әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы болды. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды. Ал 2018 жылдың сәуірінде әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды.