Өмірзақ Шөкеев мақта егуді қысқартуды тапсырды
Өмірзақ Шөкеев мақта егуді қысқартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мақта бағасының арзандығына қатысты пікір білдірді.
Әкімге мақташы қауымның жаз бойы бейнеттенген өнімінің әр келісі 150 теңгеден зауытқа сатылатыны туралы сұрақ қойылды.
«Биыл мақтаның нарықтағы бағасы төмен. Мақта өңдейтін зауыттар өнімнің әр тоннасына 120 мың теңге төлейміз деп айтқан болатын. Біз араласып, 150 мың теңгеге көтердік. Одан әрі көтеру мүмкіндігі жоқ. Жалпы, мақта туралы талай атып келе жатырмын. Мақта егуді қысқарту керек. Өйткені өте тиімсіз дақыл боп тұр қазір. Оның орнына көкөніс, бау-бақшаны көбейтуіміз керек. Оны қалай жасау керектігін үйрету үшін қайта-қайта семинар өткізіп жатырмыз. Келесі жылы бұл жағынан бетбұрыс болады деп ойлаймын», – деді облыс әкімі.