Жаңалықтар

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

ашық дереккөзі

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

Қарағандыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды. "Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік" халықаралық ғылыми конференциясына алыс және жақын шет мемлекеттерден ғалымдар мен зерттеушілер қатысуда. Конференция үш күнге созылады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада Жошының ұлысының, яғни ғылыми әдебиет беттерінде "Алтын Орда" аталатын хандықтың тарихи және мәдени мұра нысандары мен соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды нәтижелері бойынша пікір алмасулар жоспарланған. "Ғылыми-тәжірибелік іс-шара әлем тарихының ортағасырлық кезеңіндегі саяси, тарихи, мәдени және географиялық бет-бейнесіне түбегейлі өзгерістер әкелген Жошы Ұлысының мұраларын зерттеуге қосқан үлесі деуге болады", - дейді Е.Ағымбаев.