Жаңалықтар

Латынға көшкенде қазақ тілінің емлесі өзгере ме?

ашық дереккөзі

Латынға көшкенде қазақ тілінің емлесі өзгере ме?

Қазақ тілі латын әліпбиіне көшсе де, тілдің емілесі өзгермейді. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның ғылыми хатшысы Анар Фазылжан мәлімдеді.  «Көбісі егер әліппе ауысса, еміле де өзгереді деп ойлайды. Еміле өзгермейді. Еміле формула сияқты. Әліппенің бірең-сараң әріптері ғана ауысады, Еміле сол күйі өзгеріссіз қалады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Қазір біз акут әліпбиін қолданамыз. Акут таңбасымен алынған әліпбиіміз «бір әріп-бір дыбыс» принципіне толық сәйкес келеді. Оның ішінде екі әріп қана бұл принципке сай келмейді. Бұл алфавит біз үшін ыңғайлы диакритикамен алынған», - деп атап өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта жаңа әліпбидің сынақтан өтіп жатқанын және қолайсыз әріптердің әлі де ретке келтірілетіні туралы айтты. «Ол бұл алфавиттің толығымен ауысатынын білдірмейді. Онда жұртшылықтың қолданысына ыңғайлы, жұртшылықтың көңілінен шыққан әріптердің жүйесі көп», - деді ол. Айта кетсек, 24 қазан күні «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» республшикалық тіл форумы өтеді. Форумда қазақ тілінің мәселелері мен латын әліпбиіне көшу жүйесі талқыланады.