Бозымбаев: Шағын литражды көліктер салықтан босатылады
Бозымбаев: Шағын литражды көліктер салықтан босатылады
Энергетика министрлігі шағын литражды көлік жүргізушілерін көлік салығынан босатуды ұсынды. Бұл туралы бүгін үкімет кулуарында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
"Біз шағын литражды көліктерді салықтан босату туралы ұсыныс дайындадық. Яғни, қозғалтқыш көлемі үшке дейінгі көлік жүргізушілері көлік салығын төлемейтін болады. Егер бензин акцизінің деңгейі өссе, әрине, бензин бағасы да өсуі мүмкін. Сондықтан, шағын литражды автокөліктер үшін көлік салығын жою керек немесе азайту керек деген ұсынысымыз бар. Оны ұлттық экономика министрлігіне енгіздік", - деді министр.
Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауына еш негіз жоқ екенін қадап айтты.
"2024-2025 жылдардан бастап Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армениямен бір нарықта боламыз, арамызда ешқандай шектеу болмайды. Бәсекелі нарық болады. Бәсекелестік болса, баға тең болуы керек, ол түсінікті", - деді ол.
Айтуынша, қазір Ресеймен салыстырғанда, елімізде бензин 100 теңгеге, ал дизель отыны 50-60 теңгеге арзан.