Елімізде ақылы жолдардан қанша қаржы жиналады?
Елімізде ақылы жолдардан қанша қаржы жиналады?
«2013 жылы ұзақтығы 211 шақырым болатын «Нұр-Сұлтан – Щучинск» алғашқы ақылы автожолы қолданысқа енгізілді, сол учаскеде жылына 1 млрд теңгеден астам қаражат жиналады, ол осы учаскені күтіп ұстау шығынының орнын толтырады. Қазіргі уақытта, ақылы жолдардың ұзақтығы 682 шақырымға дейін артты («Нұр-Сұлтан – Щучинск» (211 км), «Нұр-Сұлтан – Теміртау» (134 км), «Алматы – Қапшағай» (42 км), «Алматы – Қорғас» (295 км) және жыл сайынғы жиналатын қаражат 4 млрд теңгеден астам болады. Бұл осы ақылы учаскелерді күтіп ұстауда бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, автожолды пайдаланушыларға сапалы жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы 1 822 нысанның 1 мыңы Ұлттық стандартқа сәйкестендірілді. Бюджет және жеке капитал есебінен қосымша 73 нысан салынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта одан әрі жүргізілетін болады.