Жаңалықтар

SIM-карта сататын сауда нүктелері жаппай тексеріледі

ашық дереккөзі

SIM-карта сататын сауда нүктелері жаппай тексеріледі

Азаматтардан түскен шағымның негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы SIM-карта сататын сауда нүктелерінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталады, деп хабарлайды  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті.  Комитеттің хабарлауынша, өзге азаматтарға тіркелген SIM-карталарды сату туралы қазақстандықтардың шағымдары негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда нүктелеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге бастамашылық етті. Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, алдын ала басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзумен қатар, сатып алушыға қауіп төндіруі мүмкін. «Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Және нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну қажет», – дейді В.Ярошенко. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісімшарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады. 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық мобильді телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-ына тіркелген. 2018 жылы SMS хабарлама жолдау арқылы тіркелмеген ұялы байланыс құрылғылары (2019 жылғы 1 қаңтарда) телефондағы SIM-картаға байланып, автоматты түрде тіркелді.