Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбидегі олқылықтарды түзеуді тапсырды

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбидегі олқылықтарды түзеуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін жетілдіруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында жазды. "Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек", - дейді президент. Тоқаев осыған байланысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бергенін атап өтті. "Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпанында сол кездегі мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткен болатын. Жарлықпен мына жерде танысуға болады.