Министрлік балабақша бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастамақ
Министрлік балабақша бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастамақ
"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында. Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр. "Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді ол. Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті. Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.