Жаңалықтар

Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

ашық дереккөзі

Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

Атырауда ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті. «Аққу - ақын» атты кешке Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп қатысты.  «Өңірімізде «Рухани жаңғыру« бағдарламасы аясында ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өтіп келеді. Бүгінде сол үрдіс жалғасын тауып, Марфуға Айтқожинаның кеші өтуде. Марфуға апамыздың өлеңдері әр оқырманның жүрегінен орын таба білді. Сіздің әр өлеңіңізде салмақтылық, терең мағына бар. Сіздің қазақ жұртына арнайтын өлеңдеріңіз әлі де шығатынына сенімдімін. Қаламыңыз мұқалмасын! Бүгінгі кешіңіз құтты болсын», - деді Нұрлан Ноғаев.