Қызылордалық күріш Моңғолия мен Өзбекстанға экспортталады

Қызылордалық күріш Моңғолия мен Өзбекстанға экспортталады

Қызылордалық күріш Моңғолия мен Өзбекстанға экспортталады
ашық дереккөзі

Қызылорда облысы Моңғолия мен Өзбекстанға экспорт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өңірде күріш өңдеу бойынша тоқтап тұрған кәсіпорын іске қосылған. "Абай Даулет" компаниясы 10 жыл бойы тоқтап тұрған 300 млн теңгеге дейінгі бағада күріш өңдеу зауытын сатып алып, оны неміс құрал-жабдықтарымен толықтырды. Күріш жармасы Ресейге, Моңғолияға, Украинаға, Тәжікстанға жеткізіледі", – деді басқармада. Алғашқы жеткізілімдер Тәжікстанға жіберілген, 31,2 млн теңгеге 140 тонна астық экспортталды. Сондай-ақ күріш Ресейге 6,1 млн теңгеге сатылды. "Сонымен қатар, осы жылы компания Қызылордада тәулігіне 7 тонна күріш өндіретін тағы бір күріш өңдейтін зауытты 220 мың долларға сатып алды. Кәсіпорын Қытай технологиясымен жабдықталған", — деп атап өтті мемлекеттік орган. Айта кетейік, қазіргі уақытта зауытта 80 адам жұмысқа орналастырылған.