Елордада республикалық ақындар айтысы өтті

Елордада республикалық ақындар айтысы өтті

Елордада республикалық ақындар айтысы өтті
ашық дереккөзі
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында республикалық ақындар айтысы өтіп, оған елдің әр өңірінен 16 үміткер қатысты. Қатысушылар арасында аты шыққан арқалы ақындар ғана емес, енді ғана сахнаға шығып жүрген жастар да бар. «Соңғылары үшін бұл шыңдалып, тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік», - дейді ұйымдастырушылар. Айта кетерлігі, ақындар айтысын қаржыландыруды бұдан былай «Nur Otan» партиясы өз мойнына алмақшы. Ал «Береке, бірлігіңде, елім!» атты аталмыш шараны өткізуге қала әкімдігі мұрындық болған. "Айтысқа аса мән беріліп отырған себебі, Елбасымыздан бастап, бұл біздің қанымызда бар нәрсе. Сен өзің айтып отырсың, біз сөзге тоқтайтын қазақ едік. Қазір де қазақ сөздің қадірін біледі. Қазір ең өтімді қаруы ретінде партияның тапсырмасы жүзеге асып жатыр", - дейді Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман.