Жамбылда алименттен жалтарған әкелер саны 12 мыңнан асқан
Жамбылда алименттен жалтарған әкелер саны 12 мыңнан асқан
«Тараз қаласы бойынша баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналар саны 12 мыңнан асқан. Айталық қыркүйек айында 10 күн ішінде борышкерге қатысты әкімшілік іс-қозғалып, нәтижесінде 8 адам қамауға алынып, одан бөлек 3 жауапкершілігі жоқ әкеге әкімшілік айыппұл салынған. Отбасылық кішігірім даудан, үлкен мемлекеттік мәселеге айналып отырған бұндай кикілжіңдер қоғам мен бала тәрбесіне де кері әсері орасан зор», - дейді Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Нұрсұлтан Тілешов. Жауаптылардың айтуынша, борышкерлердің өз міндеттерінен жалтаруына басты себеп – жұмыссыздық. Сондай-ақ, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қала көшелеріне арнайы билбордтар ілінсе, ЛЕД экрандардан отбасылық видео жазбалар көрсетіліп жүр.