Елбасы төрағалығымен Мәжіліс фракциясының жалпы отырысы өтті
Елбасы төрағалығымен Мәжіліс фракциясының жалпы отырысы өтті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің төрағалығымен Үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясының және Парламент Мәжілісі фракцияларының қатысумен өткен жиында партияның сайлауалды бағдарламасы «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық»және Ұлт жоспары«100 нақты қадам» бағдарламасы қаралды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты жариялады.
Отырыс барысында Премьер-Министр А.Маминнің, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары және Қаржы министрі А.Смайыловтың, Премьер-Министрдің орынбасарлары Б.Сапарбаевтың және Р.Склярдың баяндамалары тыңдалды. Нұрсұлтан Назарбаев партияның елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы ерекше рөліне тоқталды.
– Бүгінгі таңда біздің партияның алдына елдегі сайланған Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы төңірегіне қоғамды біріктіру, элитаны тұтастыру міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан Үкімет пен Фракция адамдардың нақты мәселелерін бірге шешуі керек,– деді партия төрағасы.
Сайлауалды бағдарламаның және Ұлт жоспарының орындалу нәтижелерін айта келе, Елбасы партияның қалған міндеттемелерін орындаумен байланысты қауіптерге тоқталды.
– Біз оң нәтижелерге қол жеткіздік. Үш жарым жылдың ішінде 430 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 2,7 мың шақырым жол салынды. Еуразиялық құрлықаралық дәліз іске қосылды. Шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесі 28 пайызға жетті. Бір жылдың ішінде біз «Doing Business» рейтингісін 8 позицияға көтеріп, 28 орынға көтердік,– деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.