Жыл соңына дейін ашылатын жолдар

Жыл соңына дейін ашылатын жолдар

Жыл соңына дейін  ашылатын жолдар
ашық дереккөзі
Қазақстанда жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 648 шақырымында қозғалыс ашылады. «Жол желісі сапасы» мен «Жол инфрақұрылымының сапасы» көрсеткішін жақсарту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авто­мобиль жолдары комитеті республикалық маңызы бар жолдардың 6 мың шақырымын, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 4,6 мың шақырымын құрылыс, қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарымен қамтыды. Осы ретте биыл ұзындығы 4,4 мың шақырымды құрайтын респуб­ли­ка­лық маңызы бар автомобиль жолд­а­ры­ның құрылысы мен жөн­де­луіне қатысты 24 жобаны жүзеге асыру жұ­мыстары жалғастырылуда. Бұл мақ­сат­тарға 213 млрд теңге қарастырылған. 2019 жылдың қорытындыларына сәйкес, Қазақстандағы жолдардың 641 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарланған. Жұмыстар «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Щучье – Зеренді», «Бейнеу – Ақжігіт», «Жетібай – Жаңаөзен», «Тас­кескен – Бақты», «Теміртау – Қарағанды» учаскелерінде толықтай аяқталмақ. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарла­ма­сын жалғастыру аясында 2020 және 2026 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын жолдардың құрылысы мен жөнделуіне қатысты 13 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл шаралар жақсы және қанағат­тан­дырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, жергілікті жол желі­ле­рін салу, қайта қалпына келтіру және жөндеуді қаржыландырудың 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылғандығын атап өту керек. Осылайша, 2025 жылдың соңына дейін жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95 пайыз құрайтын болады. Айта кету керек, Қазақстандағы ав­то­мо­биль жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құ­рай­ды. Оның 24,4 мың шақырымы – рес­публикалық маңы­зы бар жол­дар, 70,6 мың шақырымы – жергілікті жол­дар.