Қазақша сөйлеген «Малефисента» көрерменге жол тартты

Сондай-ақ!

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды. Десе де, каннабис шегуге рұқсат беріліп отыр. Бұл туралы The San Francisco...

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен, 4 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -23) қала мектептерінің...

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты хабарлады. Порталдың мәліметінше, "жасыл аймаққа" Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. Аталған сайлауда 85 пайыз дауыс жинаған...

Күні кеше «Малефисента: Түнек Әміршісі» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. Фильм «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалды. Фильм дубляжының демеушісі Еуразиялық Топ (ERG).

Іс-шарада алғаш болып сөз алған «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жобаның негізгі мақсатына тоқталды.

– 1993 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бағдарламаның арқасында қарапайым отбасынан шыққан көптеген жасқа шет елдердегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалды. Осындай ағылшын, неміс, француз және тағы да басқа тілдерді меңгерген жастар халқыңа қызмет етемін десең алдымен өз ана тіліңді біліп, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті бойға сіңіру керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан да «Болашақ»-пен оқыған бір топ жастың басты мақсаты елге оралған соң әртүрлі салада қолымыздан келгенше елге қызмет ету болды. Бұл жоба осындай игі ойдан туды, деді Бауыржан Байбек.

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау – бұл бірінші кезекте, әрбір қазақстандықтың қазақ тіліндегі сапалы контентке қол жеткізу құқығы. Ал Голливудтың танымал кино туындылары елімізде 2011 жылдан бастап қазақша сөйлетіп келе жатқан «Өзіңнен баста» жобасы коммерциялық мақсатты көздемейді. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек:

– Жастар мемлекет маған не береді деп емес, әрқайысы өз саласында ана тіліне, дәстүр мен мәдениетімізге деген құрметті өзінен бастап, әрекет етсе, еліміздің жетістігі еселене түспек. Халқымыздың рухы берік, Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болғай! – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, фильмді дубляждауға жобаның демеушісі болып отырған Eurasian Resources Group-тың қызметкерлері де қатысқан.

– Біздің үш әріптесіміз кастингтен өтті. Енді олардың дауыстарын фильмде тыңдай аламыз. Сондай-ақ, компания фильмнің дубляжын қаржыландырумен қатар, Қазақстанның бес қаласында қайырымдылық көрсетілімдер өткізіп, оған балалар үйлерінің, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 500-ден аса балақай қатысты. ERG үшін бұл – мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға қосқан тағы бір үлес, –  деді ERG компаниясының өкілі Талғат Төребеков.

Сонымен қатар, фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетіліміне өнер, медиа салалары мен «Болашақ» қауымдастығының мүшелері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

«Малефисента» мистикалық блокбастерінде жоба аясында Малефисентаның рөлін дыбыстауға айрықша құқықтар алынған. Мәселен, Анджелина Джоли қазақстандық театр және кино актрисасы Гүлназ Әуесбайды өзінің кейіпкерін дыбыстауға жеке бекітті. Қазақ дубляжының режиссері Назерке Леспекқызы. Фильм кастингіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 40-тан астам актерлер қатысқан.

2019 жылы қараша айында тағы бір қазақ тіліне дубляждалған «Холодное сердце 2″/ «Мұзды өлке 2» фильмінің премьерасы күтіп тұр.

«Өзіңнен баста» жобасын аясында қазақ тіліне барлығы 32 голливудтық туынды дубляждалспа, олардың ішінде «Көліктер 2», «Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», «Ойыншықтар хикаясы – 4» және т.б. фильмдер бар. Осы жобаның арқасында 100-ден астам отандық актердің дауысы «Walt Disney Pictures» дауыстық қорына жазылды. Қазақ тілі дубляжда түрік тілінен кейінгі екінші түркі тілі болып тұр және «Walt Disney» компаниясының тарихында 39-шы орында.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

185 млн теңге пара алған: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен...

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды....

Елордада екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды

Елордада екінші ауысымның кезекші тобындағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «Білім басқармасының шешімімен,...
жасыл аймақ

Алматы коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» кірді

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" оралды, бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау сайты...

Адольф Гитлер сайлауда жеңіске жетті

Саясаткер Адольф Гитлер Уунона (Adolf Hitler Uunona) Оңтүстік Африканың Намибия елінде өткен аймақтық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...