Жаңалықтар

Есірткі қолданып, ішімдік ішкен: Алматы көшесінде екі адамның өмірін қиған жүргізуші қамалды

ашық дереккөзі

Есірткі қолданып, ішімдік ішкен: Алматы көшесінде екі адамның өмірін қиған жүргізуші қамалды

Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен жүріп бара жатқан. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Audi көлігімен соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық көлік жарнама билборды, жол белгісі мен ағашқа соғылды. Ал BMW айналып барып, Subaru Forester мен Toyota Carina-мен соқтығысқан. Audi көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмды. Тағы жеті адам зардап шекті: Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, BMW жүргізушісі мен үш жолаушысы және Subaru жүргізушісі. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.  Көп ұзамай тәртіп сақшылары апатқа кінәлі деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады. Оның есірткі қолданып, көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Мұның үстіне алкогольдік ішімдік ішкен.