Жақаев ауылындағы жасампаз жігіт

Сондай-ақ!

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаевтың есімі жұртшылыққа өте таныс. Қазір осы ауыл атақты күрішшінің есімімен аталады. Өмір бойы диқаншылықпен айналысып, даңқы Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағына танылған Еңбек ерінің жолын жалғастырып келе жатқандар жетерлік. Осы ауылда туып, диқаншылықты кәсіп қылған Асқар Бердібаевтың да қазіргі уақытта жұмысы қарқын алды десе де, болады. Өйткені жанкешті еңбектің қашан да нәтижесі бар.

 Асқар Айтөреұлы осыдан 7 жылдан аса уақыт бұрын «Алтын дән» деп аталатын шаруа қожалығын құрды. Бәрі де мақсатты жұмыстың арқасы. Бүгінде шаруа қожалығы іріленді, қазір қожалық басшысы 60 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Айта кету керек, жергілікті ха­лық­тың көпшілігі егін және мал ша­руа­шылығымен айналысады. Күріш және мал азығын дайындайды. Сыр бойында са­палы жұмысын көрсетіп жатқан жігіттің жос­пары қомақты, мақсаты үлкен. Асқар Айтөреұлы 2017 жылы 100 бас жылқы сатып алған. Биыл оның үшінші жыл төлін алып жатыр. Шаруашылық бас­шы­сының айтуы бойынша, қыркүйек және қазан айларында тағы да 100 бас асыл тұқымды ірі қара алу ойда тұр. Ша­руа­шылықта күріш өңдейтін цех бар. Биыл тағы заманауи үлгідегі үлкен күріш зауы­тын ашу ойда тұр. Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, тәулігіне 60 тонна күріш өң­деп, шығаратын болады. Әрине мұның барлығы да оңайлықпен келген жоқ. Қожалық ірі, 3 комбайнды лизингтік не­сиеге алған. Комбайнның барлығы зама­науи құрылғылармен жабдықталған. Іш­ін­де компьютер, кондиционер жол ба­ғы­тын анықтап отыратын ЖПС бар. Тех­ни­каның 70 пайызы жаңартылған. Жерге жаны ашыған адам ғана қиындықтың бәрін еңсереді. Асқар Бердібаев істі бастағанда мұның барлығын да білген. Сөйтті де, білек сыбана кірісті. Сондағы ойлағаны – Ыбырайдың ауылы – ырысты, Бердібаевтың ауылы берекелі болуы тиіс. Күріш егумен айналысатын шаруа­шы­лық­тар алғашқыда қиындықты бастан кеш­кені рас. Еңселерін көтере алмады. Несие­ге қолдары жетпеді.Тозған жерлерді тү­ле­ту керек. Сөйтіп, ол жұмысты қолға алды. Майда шаруашылықтар ірілене бастады. Олардың саны кейін онға жетті.

– Әрине, бізге бәрін де басынан бастау керек болды. Арам шөп пен жиде, тал басып кеткен егістік алқаптардың бәрін отадық, тазарттық. Тыңайттық. Содан кейін тұрақты өнім ала бастадық. Ха­лық­та жердің пайы ғана болған. Қазір жер үлесі бар халыққа күзде дивиденд тө­лей­міз, – дейді «Алтын дән» шаруа қожа­лы­ғы­ның төрағасы Асқар Бердібаев.

– Жоспарға байланысты күрішті Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларына тұрақты жіберіп отырамыз. Биыл «Ян­тарь», «Лидер» күріш сортттарын Өзбек­стан­ға экспорттауды көздеп отырмыз. Былтыр 900 гектар жерге күріш егіп, оның әр гектарынан 70 центнерден өнім алдық. Өніміміз – экологиялық жағынан таза, сапалы күріш. Биыл ауылда спорт ке­шені мен күріш зауытының құрылысын бас­тай­мыз. Келесі жылы жаңа үлгідегі су­пер­маркет салып бермекпіз. Үшінші жылы аудан көлемінде жоқ 500-600 орын­дық тойхана салу жоспарда бар. Ауылымыз қаладан кем емес, Келер жылы ауы­лы­мыз­ды газбен жабдықтау жоспарда тұр. Үйге таза ауыз су кіріп тұр. Бұдан да басқа ойға алған жобалар көп, – дейді «Алтын дән» шаруа қожалығының бас­шысы Асқар Ай­төреұлы Бердібаев. «Ал­тын дән» шаруа­шы­лығы 2016 жылы тірлікті жандандыру үшін 60 миллион теңге несие алған. Оны 2018 жылы толық қайтарып бітірді. Ал 2019 барлық істе­лін­ген жұмыстар шаруа­шылықтың өз қаражатына атқарылды.

– Күріш өнімінен Шиелінің даңқын шығарған Ыбырай Жақаевтың атына ешқашан кір келтірмейміз. Біз әлі де осы атамыздың атын шығарамыз. Сондай-ақ басты міндетіміз – шаруашылықты кө­те­ру, ұжымдағы жұмысшылардың әлеу­мет­тік жағдайын жасау, олардың жалақысын арттыру, – дейді Асқар Айтөреұлы.

Асқар Айтөреұлы мемлекеттің ауыл шаруа­шылығына жасаған қолдауын сезі­ніп отыр. Суға, тыңайтқышқа 50 пайыз суб­сидия алған. 200 миллион теңгеге 3 ком­­байн алынды. Оның 50 миллион тең­гесі төленді. Демек, жоспарлы жұмыс­тың барлығы да тиянақты орындалып жатыр.

Төрт мыңға жуық халық тұратын Жа­қаев ауылындағы шаруашылықтың тір­лігін дөңгелеткен Асқардай азаматтың бү­гінгі ісіне біз осылай сүйсіндік. Ел іші осындай азаматтардың арқасында көр­кейеді, гүлденеді. Демек, Асқардың алар асулары әлі алда. Жұмысты жандандырып жатқан жасампаз жігіттің жұмысына біз тағы да ақ жол тіледік.

 

Мира Берікболова

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...