Халықпен диалог орнатудың маңызы ерекше

Сондай-ақ!

Теннис ойнауды ұнататын президенттер кімдер?

Жұрт әдетте елбасқарған президенттердің көбі гольф ойнауды ұнатады деп ойлайды. Алайда, элиталық спорт түріне үлкен теннис пен үстел теннис те жататынын төмендегі фотосуреттерге қарап...

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығына үміткер болды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде мәжіліс депутаттығына 126 кандидат бекітілді. Олардың 49-ы Орталық партиялық квота бойынша үміткер болды. Мәжіліс депутаттығына орталық партиялық квота...

Украиналық шенеуніктер Қазақстанға жалған ПТР-анықтамамен келіп, Асқар Маминмен кездеспек болды

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды. Украиналық шенеуніктер...

«Матаның даңқымен бөз өтеді». Журналистер партияға сайлау кезінде ғана қажет пе?

Парламент сайлауы өтетін күн жақындаған сайын саяси партияларға «жан бітіп», жекелеген тұлғалардың белсенділігі арта түсетініне етіміз үйренген. Әсіресе, қазіргі  сайлауалды уақыт қызық. Саяси партиялардың...

Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың бұл алғашқы Жолдауы. Тақырыбы да өткір, оның астарында негізгі басым бағыттар айқын көрсетілген. «Сындарлы қоғамдық диалогҚазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдау елдегі саяси жүйені кезеңкезеңімен жаңғыруға шақыруда. Бүгінде қоғамдықсаяси өмірді жаңғыртуды мықтап қолға алу қажет. Сонда ғана экономикалық реформаға қол жеткізуге болады және бұл ретте айтарлықтай қиындықтар туындай қоймасы анық. Десе де, кезкелген қиындыққа төтеп беруге дайын болуымыз қажет және бұрындары да небір қиындықтарды біздің мемлекет жеңе білді. Бүгінгі таңда көп партиялықты одан әрі дамыту маңыздылығын жоғалтпай келеді. Тағы бір маңызды бағыт қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнатудың да өзектілігін ұмытпауымыз керек, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру тағы бар.

Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталғандығы көңілден шықты. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп атап көрсеткендігі көптің көңілінен шыққандығына күмән жоқ.

Сондай-ақ, сот пен құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту мен шағын және орта бизнесті тексеруден босату, қаржы ресурстарын дұрыс бөлу, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру, өңірлер арасында теңсіздікті жою және басқа да халықты толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірқатарына ерекше көңіл бөлу қажеттігін алға тартты. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс екендігін де тілге тиек етті.

Жолдауда Мемлекет басшысы біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін – «еститін» мемлекет тұжырымын жүзеге асыру, тек диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болатындығын айтып өтті. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны өзекті мәселелерді талқылауға тарту қажеттігі маңызды. Осы мақсатта Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылып, бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруы көзделіп отыр.

Бұл ретте партия құру процесін жалғастыру қажеттігі айтылды. «Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындап келе жатқандығы сөзсіз. Алда басқа да саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтасу міндеті тұр. Қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар сынға алынып, олардың шешімі көшеде емес, парламентте, азаматтық диалог аясында талқыланып, табылмақ. Депутаттар өз құқықтарын пайдаланып, оның ішінде үкіметке өтініштерін жолдау арқылы жүзеге асыруы тиіс. Сонымен бірге заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қатынастар өзара құрметке негізделмек.

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселенің бірі  – Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар үдерісін ретке келтіру мәселесіне ерекше мән берілгендігі жайлы болды. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды оңтайландырумен айналысып жатыр, бірақ заңнамалық сипаттағы шаралар қажет.

Мемлекеттік сатып алудың әлеуеті зор (кейбір есептеулер бойынша, жылына 400 миллиард теңгеге дейін жетеді). Бұл қаржыны өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болады. Өткен жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 4,4 триллион теңгені құрады, соның 3,3 триллион теңгесі немесе 75 пайызы бәсекеден тыс тәсілмен бір көзден алу арқылы жұмсалған.  Бұл ретте шенеуніктер мен түрлі делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабатын кез келгендігін қадап айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін сындарлы екендігін айтып, азаматтарды ашық диалогқа шақырып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айтып отыр, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынып, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайтынын аңғару қиын емес.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқы Жолдауындағы айтылған  халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалары аймақта жалғасын тауып, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді шешуде партияға үлкен сенім артып отыр. Осыған орай, Президент жүктеген жаңа міндеттерді орындауға күш салып, тұрғындардың игілігі үшін жасалатын жұмыстарға  бірігіп күш жұмсайық.

 

Елубай ӘБІЛОВ,

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау

облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану...

«150 адамға рұқсат еттік» Бекшин өзі рұқсат берген банкет жайлы айтып берді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғам талқысына түсіп жатқан 150 адамдық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...