Диетолог: Тез дайындалатын кеспелер - диабетке апарар жол
Диетолог: Тез дайындалатын кеспелер - диабетке апарар жол
Тез дайындалатын кеспелердің құрамындағы заттардың адам денсаулығына зияны қандай? Бұл сауалға Life.ru сайты жауап іздеп көріпті.
Тез дайындалатын кеспелерді жиі жеу - диабет ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ресейлік диетолог маман Маргарита Королёва осылай дейді.
Маман тез дайындалған өнімдерде қоректік заттар мен минералды-витаминдік кешендер аз екенін атап өтті. Сонымен қатар, ақуыз компоненттері толығымен жойылады. Бұл мұндай өнімдерде гликемиялық индекс пен қандағы қантты жоғарылататын қарапайым көмірсулар ғана қалады дегенді білдіреді.
Диетологтың пікірінше, тез дайындалатын кеспені жиі қолдану денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Өйткені, өнімнің құрамында адам ағзасына зиянды заттар өте көп.
"Мұндай өнімді жиі қолдану - реакциялардың тұтас каскады іске қосылып, инсулинге төзімділік пен тұрақты түрдегі 2 типті қант диабеті пайда болуына әкеледі", - деп түсінжірді маман.