Ақ халаттылар 830 грамм салмақпен туған сәбиді оңалтты

16 қазан, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Ақ халаттылар 830 грамм салмақпен туған сәбиді оңалтты

Шымкенттік дәрігерлер туған кезде салмағы 830 граммды құраған сәбиді аман алып қалды деп жазады "Отырар". 

9 тамыз күні дүниеге егіздер келген. Олардың біреуі 2450 грамм, екіншісі - 830 грамм болып туған.

Бірнеше ай бойы дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп, оның денсаулығын күткен. Ал 7 қазанға дейін ол 1800 граммға дейін салмақ жинапты.

Жақында сәбиді анасымен бірге ауруханадан шығарды.