Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады

Биыл «ҚР Тіл туралы» заңының қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай Алматыдағы бірнеше ақын, жазушылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев зиялы қауымды айтулы датамен құттықтап, қазақ тілінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды «Алматы» арнасы. 

«Президентіміз өзінің жолдауында «Қазақ тілі енді жалпы ұлтаралық тілге айналуы керек» деп айтып өтті ғой. Соған да бірте-бірте жетеміз. Оңтүстік өңірлерді не батыс өңірді алсаңыз, негізінен қазақша сөйлейді», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады

Шараға жиналған мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, тіл жанашырлары қазақ тілін дамытуда өз ұсыныстарын айтты. Бірі, заңды қатаңдату керек десе, екіншісі мектептерде қазақ жазушыларының кітаптарын көбейткен жөн дейді. Сондай-ақ, қазақ тілін заман талабына сай дәріптеу де сөз болды.

«Соңғы 20 жылда мектеп кітапханаларына жаңа әдеби кітаптар түскен жоқ.  Оқулықтар және қосымша кітаптар болуы мүмкін. Бірақ қазақ жазушыларының кітаптары мектеп кітапханаларында жоқ. Ал, бұл – үлкен проблема», – деді Қазақстан Жазушылары одағы төрағасының орынбасары Мереке ҚҰЛКЕНОВ.

Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады

«Аударма контенттердің ішінде қазақ тілі тұру керек. Осындай қазақ тілі ешқандай адам ресурстарын қоспай-ақ, технология бойынша аударып отыратын болсақ, онда бүкіл ЖОО білім мазмұндары қазақ тіліне еріксіз көшіп кетеді. Және жастар қиналмай, білімді игере беретін болады. Осындай дүниеге жететін болсақ, онда қазақ тілінің өрісі кеңейеді деп ойлаймын», – деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Кенжехан МАТЫЖАНОВ.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button